11.09.2024, 23:20
Оқылды: 90

Жәнібек ауданы: 21 жоба комиссиямен мақұлданды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов бірқатар сала басшымен бірге Ақоба, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

image-11-09-24-08-18-4

Кездесуде аудан басшысы алдымен ауданда, оның ішінде ауылдық округте атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын игілікті істерді атап өтті. Соның ішінде 2024 жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 9 ауылдық округ бойынша жобаға 70 тұрғын қатысуға ниет білдірді.

image-11-09-24-08-18-2

Күні бүгінге «Aqjaiyq» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясына» 6 – бордақылау, 17 мал шаруашылығы, 15 кәсіпкерлік саласы бойынша құжаттарын тапсырды.

Сонымен қатар 21 жоба комиссиямен мақұлданып, қаражат аударылуын күтуде. Сол сияқты ағымдағы жылы 4 жоба қаржыландырылып, шотына 16 млн 600 мың теңге аударылды.

image-11-09-24-08-18-5

Сонымен қатар лизинг бағдарламасы арқылы «ОлжаАлемАгро» АШӨК-не 54,5 млн теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта ауыл шаруашылық құрылымдарына техникалық сервис қызметін және өзінің пайдаланып отырған 500 гектар суармалы жерінің 260 гектарына суданка шөбін егу жұмыстарын жүргізді. 30 гектар суармалы жерге амарант шөбін, ал 30 гектар жерге гибридті суданка шөбін екті. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 29 млн теңге несие алуды жоспарлап отыр. Құжаттары «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына» қабылданды,-деді Тимур Серікұлы.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары аудан әкіміне сұрақтарын қойды.

image-11-09-24-08-18-1

Ақоба ауылдық округінің тұрғындары жедел жәрдем көлігінің керектігін, электр сымдарының жаңартылуын, ауылішілік жолдардың тегістелу керектігін алға тартты.

Күйгенкөлдіктер де өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойды. Соның ішінде мал азығы, ауылға жаңа кітапхананың керектігін, учаскелік полиция инспекторының жоқтығын, мектепке математика пәні мұғалімінің керек екендігін жеткізді.

Ауылдың спорт және мәдениет саласына бейқам қарамайтын Ұзынкөл ауылының тұрғындары орталық демалыс алаңының азып-тозып тұрғанын жеткізіп, ауыл әкіміне қолға алуын сұрады.

Тұрғындардың уәждерін тыңдаған аудан әкімі халықтың ұсыныстарын назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Жиыннан кейін аудан әкімі мен сала басшылары тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Бану Самат, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале