23.11.2023, 17:15
Оқылды: 7

Жәнібек ауданы: әйелдер ісі комиссиясына жүйе керек

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат хақында комиссия отырысы өтті.

404582036_886382170158125_858418062177773766_n

Жиынға кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айбек Ғазезов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова баяндама оқыды.

404616919_886382250158117_2874220980228303002_n

Одан өзге Ұзынкөл, Талов ауылындағы отбасыларды қолдау жұмысы туралы айтылуы тиіс болған еді.

Дегенмен ауыл әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев пен Ұзынкөл ауылы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ғаллем Құрмашевтың дайындаған баяндамалары шикі болды.

Әлі де пысықтауды ұсынған Жақсылық Каримоллаұлы ескерту жасады. Таловтағы әйелдер ісі бойынша жұмыс сәл де болса, санаға сіңімді болғанымен, баяндамадағы Ұзынкөл ауылында атқарылған іс-шаралар мүлдем талапқа сай келмейді.
- Осы жылдың он айында аудандық полиция бөлімінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында бекітілген жоспарға сай жұмыс жүргізілді. Бұл ретте бір қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар тұрмыстық жағдайда арыз-шағымдар түсіп, аудандық сотқа жолданды. ҚР Әкімшілік Кодекстің 73-бабымен жиырма сегіз іс толтырылды. Сондай-ақ осы мақсатта алты шара өткізіліп, кездесулер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Көрсетілген мерзім ішінде отыз үш адамға қорғау нұсқамасы берілді. Мұны бұзғаны үшін бір адамға ҚР Әкімшілік Кодекстің 461-бабымен хаттама толтырдық. Соттың шешімімен сегіз адамның мінез-құлқына ерекше талаптар енді және осы шектеулерді бұзғаны үшін төрт адамға хаттама жазылды. Осы айдың жиырма бесінен халықаралық әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықты жою күніне орай 10 желтоқсанға дейін акция өтеді. Мекемелермен бірлесуді талап ететін акцияға дайындық басталды, - деді Айбек Талапұлы.

405255024_886382223491453_1352155016730602926_n
Биыл 29 қаңтарда Тегісшіл елді мекенінде болған жағдай барлығының жанына ауыр батты.

Нақтырақ айтсақ, А. есімді азамат некесіз тұрған жолдасы К. есімді азаматтың басынан темір көсеумен соғып, өлтірген. ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабымен сотқа дейін тергеу жүріп, темір торға тоғытылды.

Комиссия төрағасы Жақсылық Каримоллаұлы бұл жағдайдан сабақ алып, мұқият жұмыстануымыз керек деген ойын білдірді.

Ләззат Айтқалиқызы 25 қарашада басталатын зорлық-зомбылықты жоюға арналған акцияда мақсатқа жету үшін өз ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаеваның әйелдер ісіне қатысты тұшымды ойларын ортаға салды.

Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Зәмзәгүл Макишева білім саласында атқарылып жатқан жұмысты тізбелеп шықты.

Жиын соңында қатысушылар комиссия жұмысын жүйелеуге тырысып бақты. Нақтылық сұраған Дина Сапашева да пікірін білдіріп, өзгеше бағытта жұмыстануды тілге тиек етті.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале