24.12.2023, 12:00
Оқылды: 34

Жәнібек ауданы әкімі үздіктер қатарында

Бүгін Алматы қаласындағы қазақ спортының қара шаңырағы саналатын Қазақ спорт және туризм академиясында «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі – 2023» аталымын табыстау шарасы өтті.

FB_IMG_1703339012100

Қазақ елінің абыройын әлемдік додаларда асқақтатып, туымызды көкке көтеріп жүрген спортшылар мен бапкерлерді, үздік федерациялар мен облыстық спорт басқармаларын, спорт жанашырларын және ұлттық спортымызды ұлықтап жүрген азаматтарды салтанатты түрде марапаттады.

FB_IMG_1703339009177

Үздіктердің қатарынан Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов «Бұқаралық спортты дамытудағы үздік аудан әкімі» аталымына ие болса, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев «Үздік спортқа жанашыр ауыл әкімі» аталыммен марапатталды.

FB_IMG_1703339004743

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале