14.03.2024, 0:00
Оқылды: 8

Жәнібек ауданы: есепте тұрғандарға ес кірді ме?

Бүгін Жәнібек ауданының прокуроры Сәкен Молдашевтың төрағалығымен қадағалау аумағындағы пробациялық тізімдегі тұлғалар арасында қайта құқық бұзушылықтарға жол бермеу және ЖАО тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер мен бірыңғай сот практикасын қалыптастыру хақында дөңгелек үстел өтті.

FB_IMG_1710343249361

Өзекті мәселелерді талқылауға аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов, аудандық сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сәбит Аяпов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Айшуақ Сейітқазиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, мемлекеттік сот орындаушысы Қуаныш Абдуллин, пробация бөлімшесінің аға инспекторлары Нұрлыбек Қуанышқалиев, Әлия Рахматуллина қатысты. Жиынды Сәкен Сәрсенбайұлы бастап, 2023 жылда жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып, биыл маңызды істердің күтіп тұрғандығын тілге тиек етті.

FB_IMG_1710343251998

- Қазіргі таңда жергілікті пробациялық есепте қырық азаматқа қатысты есепке алу жүргізілген. Осы адамдар арасында 2023 жылы екі қылмыс қайталанса, биыл бір дерек тіркелді. Есепте тұрғандарды ортаға қосу шараларына кірісуіміз қажет. Олармен үнемі жұмыстанып, қоғамдық шараларға шақырып, жұмыспен қамтуды да қолға алу керек,- деді ол өз сөзінде.

FB_IMG_1710343254402

Аудан прокуроры Сәкен Молдашевтың баяндауыша, былтыр һәм биыл пробация қызметінің ұсынуымен бас бостандығынан шектеуден айыруға бес ұсыным енгізілген. Одан өзге дөңгелек үстелде есептегі азаматтарды еңбекке баулу мен әлеуметтік қамту бойынша атқарушы, құқық қорғау органдары тарапынан көрсетілетін көмектер де сөз болды. Биыл тізімдегілерді әлеуметтік қамсыздандыруға бюджеттен 1 млн теңге, жұмыспен қамту бойынша 3 квота бөлінген. Алғашқы кезеңге сәйкес бірқатар іс-шаралар орындалған.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале