7.02.2024, 19:00
Оқылды: 5

Жәнібек ауданы: түсінбеушіліктерге толы жарыс өтті

Осыдан екі ай бұрын Жәнібек ауданының мекеме қызметкерлері волейболдан сынға түсіп, тартысты доданы бастаған еді. Кеше іріктелген ең мықтылар жүлделі орындарға жету үшін тырысып бақты.

425380766_939029264893415_6779340184604417588_n

Нақтырақ айтсақ, іріктелген командалардың ішінде аудандық полиция бөлімі, М.Ықсанов атындағы колледжі және Ұзынкөл ауылы болды.

426061413_939029334893408_2610482610069513005_n

Қысқы лигада қарсылас шақ келтірмей, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан осы үш топ. Дайындықтарының мықты екені допты өздеріне қабылдап, қарсы топқа қарай бір ұрып жібергендерінен-ақ көрініп тұрды.

425756428_939553321507676_3040291077261953480_n

Ал енді неге жарыстың басы - ғажап, соңы - айқай болғанын тарқатайық. Сән-салтанаты келіскен қос жүргізуші ортаға шығып, лига туралы толық ақпарат беріп, ауданымыздағы күннен-күнге жаңа бағытта дамып жатқан спорт саласына тоқталды. Содан соң команда ойыншыларын атын атап, ерекше құрмет білдіріп, ортаға шақырды. Тіпті қызыл кілеммен өткен оларға көрермендердің де ықыласы ыстық болды. Екі айға ұласқан лиганың тұрақты көрермендері болған жандар әр ойыншыны жақсы таниды деген ойдамыз. Қысқасы, қошемет соғылды. Ойыншыларға шынайы қолдау білдірілді. Кейін көздің жауын аларлықтай безендірілген, жарқылдаған ортада Райымбек Кәрімов ән шырқап, мекеме қызметкерлеріне шабыт берді. Бас жүлдені көздеген олар қызу дайындыққа кірісті.

425900378_939029438226731_1521310566821041186_n

Аудан әкімі Тимур Шиниязов, бөлім басшылары да арнайы келіп, ойынды тамашалады. Алғашқы ойын Ұзынкөл ауылы мен полиция қызметкерлерінің арасында болды. Әп дегеннен құлағыма біреудің жандауысы естілді. Денем түршігіп қарасам, тәртіп сақшыларының ойыншысы екен. Допты қабылдау кезінде бар күшімен секіріп, аяғын сындырып алған кезде жандауысы шықпай, қайтсін? Өзгеше көңіл күймен басталған дода осылайша жалғасты. Әрине, мұндай оқыс жағдай айтып келмесі анық. Ойын кезінде түрлі жағдайлар да болуы мүмкін. Бірақ ондай кезде ойындағы мейірбике дәрігерлер келгенше алғашқы көмек көрсетуі керек еді.

425848249_939553238174351_1759416405426024357_n

Хош... Жас болса да, бас боп жүрген волейболшыны ауруханаға алып кеткеннен кейін ойын жалғасты. Ұзынкөлдіктер мен М.Ықсанов атындағы колледж ұжымының арасында жеңімпаз топты анықтауға кірістік. Маңдайынан тері аққан ойыншылар көрермендерді дүр сілкінтті. Ұзынкөл ауылының командасы бірінші кезеңде жеңгенімен, колледж ұстаздары есепті теңестірді. Шешуші ойында Ұзынкөл ауылы алға шығып, жеңімпаз атанды. Десе де, М. Ықсанов атындағы колледжі оңайлықпен есе жібермеді. Ақтық сәтте түсінбеушіліктер орын алып, ұзынкөлдіктер төрешіге наразылығын білдірді. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаев қызуқандылыққа салынғандарға ескерту жасады. Осылайша екі команданың ойыны мәресіне жетті.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале