18.01.2024, 22:00
Оқылды: 28

Жәнібек ауданында қоғамдық орындар қардан тазаланды

Жәнібекте толассыз жауған қар барлық ашық қоғамдық орындар мен жолдарды басты. Аудан әкімі Тимур Шиниязов бастап, барлық мекеме, бөлім қызметкерлері аяқ алып жүре алмайтын қардан қоғамдық орындарды тазалады.

IMG-20240117-WA0042

Нақтырақ айтсақ, орталық алаңды аудан әкімдігі, кірістер басқармасы, жастар орталығы, аудандық кітапхана, мәдениет бөлімі және демалыс орталығы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Түлектер» саябағын Т. Жароков мектеп мұғалімдері, №1 мектеп-лицейі, «Балдәурен», Жәнібек балабақшасы, М. Ықсанов атындағы тынымбақты Жәнібек колледжі, Иманов көшесіндегі тынымбақты аудандық мәслихат, халыққа қызмет көрсету орталығы, жер қатынастары, ішкі саясат бөлімі, «AMANAT» партиясының қызметкерлері, аумақтық инспекция, ветинспекция, фитосанитария орталығы, М. Мәметова ескерткіші мен тәуелсіздік алаңын балалар-жасөспірімдер мектебі мен «Алтын ұя» балабақшасы, көше тротуарларын Жәнібек ауылы әкімдігі және барлық мекеме қызметкерлері өз ғимараттары маңын ашыды.

IMG-20240117-WA0046

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале