15.10.2023, 16:05
Оқылды: 26

Жәнібек ауданында құрмет тақтасы ашылды

Аудан орталығындағы "Жәнібек" спорт клубының алдында Жәнібек ауданының спорт ардагерлері мен жас спортшыларға арналған Құрмет тақтасы ашылды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев қатысты.

386098917_851913473604995_6041788681481879269_n

Аудан басшысы Тимур Серікұлы тақтадағы спорт саласына еңбегі сіңген жандардың ісін ұлықтау керектігін жеткізді. Құрмет тақтасының спорт ардагерлері қатарынан орын алған Бектас Иманғалиевтің ұрпақтары арнайы қатысып, сөз сөйледі.

Соңында келушілер тақтадағы спорт ардагерлері мен жас спортшылар суретінің төменгі жағындағы QR кодты ұялы телефонның бейнесіне түсіру арқылы олардың өмір жолымен танысты.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале