15.12.2020, 20:22
Оқылды: 60

Жәнібек ауданында салтанатты шара өтті

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

IMG_1262

Аудан әкімі Азамат Сафималиев шараға жиналғандарды құттықтап, ел экономикасы мен әлеуетінің дамуына, білім мен мәдениеттің өркендеуіне зор үлес қосқан бір топ азамат-азаматшаны марапаттады.

Атап айтсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жәнібек аудандық электр торабының машинисі Сергей Шилихин «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен аудандық «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Анаргүл Кенжеғалиева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Дана Өтебаева марапатталды.

IMG_1297

Сонымен қатар,  Ш.Орынғалиев, Б.Зейнетуллин, А.Ерсайынов, Н.Құрмашев, Ш.Нұрболат, С.Жұмағалиев, М.Теміржанов, Б.Қарақұлов ҚР Қорғаныс министрлігінің «Төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал атқарғаны үшін» естелік белгісіне ие болды. Бауыржан Қарақұловқа «Запастағы аға лейтенант» атағы қоса берілді.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен аудандық мәдениет үйінің қызметкері, БҚО халқы Ассамблеясының мүшесі Тамара Кафарова наградталды.

ҚР Қаржы министрлігінің алғысын аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев иеленді. Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің алғыс хатымен қызметтік міндеттерді адал атқарғаны және азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұрлан Бөкенбаев марапатталды.

Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен Гүлбарам Есентаева, Светлана Исаева, Ербол Сәрсенғалиев наградталды.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасын мәдениет үйінің қызметкері Индира Байрамова иеленді. Сондай-ақ облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хаты Ғайнолла Есенғалиевке, Толқынай Нурушеваға, Айгүл Дюсоваға, Толқын Есқалиеваға, Берік Ғұмаровқа, Зейнолла Рахмушевке, Иса Нарыновқа, Нұрболат Әбдірешовке табыс етілді.

Мерекеде кәмелеттік жасқа толған азамат-азаматшаларға төлқұжаттар табысталды. Жасұлан Орынбаев, Бақыт Бекқалиева, Нұрбек Сапаров, Райгүл Ниязқұлова, Гүлмира Закарина, Эльмира Сұлтаниярова, Гүлбаршын Хамзина аудан әкімі Азамат Сафималиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Елге сіңірген еңбектерін дәріптеу мақсатында дәстүрлі түрде жыл үздіктері анықталды. Дәлірек айтсақ, «Құрметті еңбек ардагері» - «Жәнібек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Уәлиев, «Үздік кәсіпкер» «Жәнібек Транс Сервис» ЖШС-нің директоры Айболат Аяпов, «Үздік меценат» - «Ғазез» шаруа қожалығының басшысы Серік Дәулетов, «Үздік мәдениет қызметкері» - аудандық демалыс орталығының қызметкері Шынтемір Рамазанов, «Үздік медицина қызметкері» - аудандық аурухананың психиатр-нарколог дәрігері Гюльнара Погульская, «Үздік білім беру қызметкері» - жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебінің ұстазы Гүлзада Еркеғұлова, «Үздік қаржыгер» - Тау ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі, мемлекеттік қызметшісі Ғалия Тұяқова, «Үздік шаруа қожалығының басшысы» - «Сақыпқали» қожалығының басшысы Ахмедьяр Құрмашев, «Үздік әлеуметтік қызметкер» - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Нағима Құспанова, «Үздік азаматтық қорғау қызметкері» - аудандық төтенше жағдацлар бөлімінің аға инженері Тимур Өтешев, «Үздік спортшы» - №1 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Әлібек Кенжәлиев, «Үздік полиция қызметкері» - жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Оян Бапақов үздік деп танылды.

Шара барысында Бейбарыс Санатов, Асылбек Базарбаев, Ердәулет Мұстақ мемлекеттік қызметке кіру үшін салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты шара мерекелік концертпен қорытындыланды.
Жиын барлық санитарлық талаптарға сай өтті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале