Таяуда Ақтөбе қаласында Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры Қайырғали Қожанбаевтың 85 жылдығына арналған «ЖасStar» V Республикалық музыкалық өнер байқау-фестивалі өтті.
Аталмыш додада «Оркестр және ансамбль» аталымында Жәнібек ауданының балалар саз мектебінің «Дала сазы» оркестрі топ жарды. Домбыраның құлағында ойнаған жеке қатысушылар да аудан мен облыс намысын асқақтатты.
Атап айтсақ, Әлиназар Қадыр, Қанағат Сабанова жүлделі ІІ орынды иеленсе, Риза Әлібекова мен Еркеназ Жұмабекқызы үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Осы орайда дарынды шәкірттерді тәрбиелеген ұстаздары Жақсылық Бисенғалиев пен Гүлмира Құбаеваның еңбегін айта кеткеніміз жөн.
Жәнібектік өнерпаздар топ болып, жеке домбырада ойнап қана шектелмей, «Қобыз және қыл қобыз» аталымы бойынша да жүлделі орынды қанжығалады.
Гүлмира Қадырбаеваның шәкірті Інжу Мақаш ІІ орынға лайық деп танылып, аудан топырағының өнерден кенде емес екенін дәлелдеді.
Ақтілек Орынбасаров,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
31.05.2023, 20:04
31.05.2023, 16:45
30.05.2023, 18:12
29.05.2023, 17:45