10.04.2024, 21:51
Оқылды: 44

Жәнібек ауданындағы көшелерге бағдаршам орнатылды 

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы М.Ықсанов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды.

InShot_20240410_214925117

Аудан тұрғындары мен депутаттардың сұранысы бойынша, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, бағдаршам іске қосылды.

Тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары болса, бағдаршамды орнатқан мердігер – «Сабиров» жеке кәсіпкерлігі.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале