10.03.2021, 11:08
Оқылды: 586

Жәнібек ауданының қос командасы жеңімпаз!

2020 жылдың қараша айы мен 2021 жылдың наурыз айы аралығында футзалдан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты мәресіне жетті. Облыстық чемпионатқа 32 команда қатысты.

D72F3EED-0242-4951-B450-35E4440F2B6B

Командалар Жүлдегерлер және Жеңімпаздар топтарына теңбе-тең бөлініп, шағын алаңда сайысқа түсті. Бірнеше айға созылған чемпионат барысында шебер ойын өрнегін көрсеткен «Ақоба» шағын футзал командасы Жүлдегерлер тобының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар тобы бойынша «Жәнібек» шағын футзал командасы суырылып алға шықты. Топтық ойындардың жеңімпаздары супер кубок иесін анықтауы тиіс еді. Бірақ бір ауданнан шығып тұрған соң, «Ақоба» командасы «Жәнібек» командасына інілік құрметін көрсетіп жол берді. Айта кетейік, Жәнібек ауданынан талай спорт саңлағы шықты. Ақоба – Жәнібек ауданының орталығынан 45 шақырым қашықтықта жатқан ауыл.

302CC68D-01E7-4A7B-9F3B-FDCC90673741

– Футболшылардың қалаға келу қаражатын аудан кәсіпкерлері қамтамасыз етіп отырды. Әсіресе «Ақоба» командасына деген ауыл азаматтарының ықыласы ерекше болды. Оның ішінде, Ақобаның тумасы, қазір Орал қаласында тұратын кәсіпкер Бауыржан Фазылов зор демеушілік көрсетті. Наурыздың 20-24-і күндері футзалдан Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық чемпионатқа дайындалып жатырмыз. Спортшылар кеңесе келе, «Ақоба» командасы атынан өнер көрсетуге шешім қабылдады, – дейді футзал жарысына бастан-аяқ қатысқан белсенді ойыншы Дәулет Ғайнуллин.

IMG-20210310-WA0048

Н.Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале