Жуырда Орал қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Жарысқа облыстың мықты деген 16 командасы қатысты. Тартысты додада Жәнібек ауданының құрамасы бірінші орынды еншіледі. Команданың ойыншылары Бекнұр Құмаров пен Роман Жанұзақұлы «Турнирдың ең жас спортшылары», Аманжол Есенов «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz