14.05.2020, 16:14
Оқылды: 42

Жәнібек мектебінде спорт зал салынады

Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп спорт залының құрылысы басталды.

D226D89C-90C2-4EC5-B0E2-F5485975569C

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиевтің айтуынша, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Символ» ЖШС жеңімпаз болып табылған. Техникалық қадағалаушысы  «ҰҚ Құрылысконсалтинг» акционерлік компаниясы белгіленген. Жалпы ауданы 588,8 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 126 млн. теңге. Нысанның жұмысы  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама талаптары келісімшартқа енгізіліп, жұмысқа 18 адам алу жоспарлануда. Бүгінде соның 13-і жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмысын үстіміздегі жылдың 30 қарашасына дейін аяқталмақ.

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале