19.04.2022, 17:26
Оқылды: 47

Жәнібекке көмек

Көрші Жәнібек ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Жаңақала ауданы гуманитарлық көмек көрсетті. Ауданымыздың жомарт кәсіпкерлері көлемді азық-түлік пен 50 «гежуба» цементі арқылы қолұшын созып, өздерінің көмектерін ұсынды.

Жәнібекке көмек (1)

Дәлірек айтсақ, азық-түлік бойынша ЖК «Малика» (Керуен дүкені), ЖК «Тайыр» (Ет комбинаты), ЖК Ибрашев Н.К» құрылыс дүкені), ЖК «Берген» (құрылыс дүкені), ЖК «Нұркелді» (ТНТ автөболшек), ЖК «Сабина» (Сабина дүкені), «Гүлжайнар» сауда үйі ұжымы, ЖК «Жандос» (Ақеділ дүкені), ЖК «Нұр-Медина» мейрамханасы, ЖК «Айзере» (Қ.Сапаров ет дүкені), ЖК «Омиргалиева Г.М» (Болашақ дүкені), ЖК «Даулетова» (Арухан дүкені), ЖК «Медина» дүкені, ЖК «Сулейменова Р.Х» (Айсұлу дүкені), ЖК «Бек-Сымбат» (Жиһаз дүкені), ЖК «Хамит» (Сабен дүкені), ЖК «Жанәке» дүкені, ЖК «Төренұр» (София дүкені), ЖК «Акан» (Зере дүкені), «Қуан» сауда үйі ұжымы, ЖК «Бибарыс» (Бейбарыс дүкені), ЖК «Мұқаш» (Атамекен дүкені),  ЖК «Зере» (Асу дүкені), ЖК «Жанар» дүкені, ЖК «Көпжасар» (Жақсылық асханасы), ЖК «Имангазиева Г.А» (автобөлшек), ЖК «Кисамбаева К» (777 кафесі), ЖК «Данара» (Асылым мейрамханасы), ЖК «Каиргалиев М.С» (Асланбек дүкені), ЖК «Айша» балалар киім дүкені, «Арзан» сауда орны, ЖК «Ахат» дүкені, ШҚ «Данагүл» Айдарбек Бисенғалиев, ШҚ «Бердіғалиев С» Сұлтанбек Бердіғалиев сынды жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарды көмек көрсетті.

Жәнібекке көмек (2)

- Аудандық әкімдік ауылдың кәсіпкерлері, қожалық басшыларына жәнібектік тұрғындарға көмектесуге ұсыныс тастады. Әрдайым көмекке құштар, қолы ашық жандар ұсынысымызды сөзге келместен, бірауыздан қабылдады. 50 қапшық астық, 50 данадан 5 кг-дық макарон, күнбағыс майын жібердік. Ертең 50-ден астам аналық қойды тиеп жібереміз. Рамазан айында қайырымдылық жасап, көмек көрсеткен кәсіпкерлерге ризамын. Зор алғымызды білдіремін, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале