20.04.2024, 22:42
Оқылды: 15

Жәнібекте 170 түп тал егілді

Туған жерді жайнатып, тазалығын сақтау – әр перзенттің міндеті. Тазалық айлығындағы көз тояр істер әр сенбі сайын жалғасын тауып келеді. Бүгін Жәнібек ауданының барлық мекеме қызметкерлері біркісідей жұмылып, сенбілікке шықты.

InShot_20240420_224005285

Соның ішінде "Түлектер" саябағын тазалаған қызметкерлер 170 түп тал еккен. Сонымен қатар бағаналар да әктеліп, саябаққа жан кірген.

InShot_20240420_224018481

Айналамыз таза әрі жасыл желекке толы болса, көңілді жайлылық билейтіні ақиқат. Өйткені біз сүрген өмір, жұтқан ауа, орта, көңіл күйіміз, барлығы да тазалыққа тікелей байланысты.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале