11.05.2024, 18:00
Оқылды: 29

Жәнібекте 7,6 шақырым жолдың құрылысы тәмамдалды

Жәнібек ауданы орталығының бірнеше көшенің жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын аудан халқы көріп, естіп жүр. Тұрғындардың көбі қуаныштарын жасыра алмайды. Көктем-күз айларында жол азабын асфальт төселмеген көшелердің тұрғындары ғана түсінеді.

IMG-20240511-WA0019

Биыл жер аяғы кеңейіп, күн жылынғаннан кейін Т.Әбдірахманов, А.Иманов, Б.Жәнекешев, Ш.Шарафутдинов, М.Мәметова мен И.Жұмаев көшелерінің жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары ауыспалы тәртіпте жүргізіліп жатыр.

IMG-20240511-WA0022

Мердігері «Қызылорда жолдары» ЖШС-і. Жоба бойынша 9,6 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу жоспарланса, қазіргі таңда 7,6 шақырым жолдың құрылысы аяқталды. Мамыр айында негізгі жұмыстар аяқталғаннан кейін жол жүрісін ұйымдастыру, қапталдарды нығайту жұмыстары жүргізіле беретін болады. Жолдардың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданда ауылішілік көшелердің 63 пайызы асфальтталады.

IMG-20240511-WA0023

Аудан әкімі Тимур Шиниязов атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, соның ішінде А.Иманов көшесінің жұмысын қадағалап, мердігерге нақты тапсырмалар берді.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале