2.08.2021, 9:02
Оқылды: 64

Жәнібекте аламан бәйге өтті

«Ақ бидай» VІІ облыстық ауыл спорты ойындары Жәнібек ауданында жалауын желбіретті.

IMG_02082021_084736_(603_x_336_пиксель)

Төрт жылда бір өтетін спорт бәсекесі тек ауыл спортшылары қатысуымен ерекшеленеді. Кеше Жәнібек ауылында таңмен таласа аламан бәйге ұйымдастырылды. Айтулы додаға облыстың 12 ауданынан келген ат бегілер, тұлпарларын сынға салды.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов спортшыларға сәттілік тіледі.
- Бәйге тартысты өтті.  Жалпы жүлде қорымыз 5 млн. теңге. Жақсыбай ауылынан «Ерсұлтан» ШҚ бас демеуші болса,  аудандағы басқа да шаруа қожалық иелері мүмкінідігінше қаржылай көмек қолын созып, бәйгенің өтуіне атсалысты. Жарыста барлық санитарлық талап сақталып, жоғары деңгейде өтті. Жәнібек, Бөрлі, Ақжайық аудандары жоғары нәтиже көрсетті, - дейді бәйгенің басы қасында жүрген аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов.

IMG_02082021_084718_(623_x_361_пиксель)
Нәтижесінде құнан бәйгеден Бөрлі ауданының атбегісі ІІІ орын, Ақжайық ауданының атбегісі ІІ орын, Тасқалалық атбегі қоскан ат І орынға ие болды. Топ бәйгеден ІІІ орынды Сырым, ІІ орынды Тасқала, І орынды Ақжайық ауданының жүйріктері иеленді. Аламан бәйгеден Бөрлі ауданы ІІІ, Казталовка ІІ, Жәнібек ауданы жүлделі І орын алды. Жеңімпаздар ақшалай сыйақыларға ие болды.

Б. Серіков, 
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале