14.06.2021, 16:12
Оқылды: 73

Жәнібекте ардагерлер ұйымының жұмысы бағаланды

Бүгін ардагерлер үйінде Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы туралы есеп беру конференциясы өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

AC3A93C7-643F-4519-A052-92E1AB05AF91

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев баяндама жасап, жыл ішінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысына дән риза екендігін айтып, Амангелді Мырзағалиұлы мен кеңес мүшелеріне алғысын білдірді. Басқосу барысында сөз алған ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабаш Жүнісов аудан әкімдігінің қолдауына алғысын айтса, ардагер ұстаз Меркен Кенжеғалиев кеңестің құрылу тарихына көз жүгіртті.

391CA2A5-8176-43FD-B7A7-35811354FA2A

 Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Наргиза Касумова мен Райымбек Кәрімов қатысушылардың құрметіне ән шырқап, күй тартты. Жиын соңында ардагерлер ұйымының атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, конференция қаулысы қабылданды.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале