13.06.2024, 12:31
Оқылды: 153

Жәнібекте бес түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Биыл Жәнібек ауданы бойынша 113 оқушы мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басып жатыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырып, өздерінің қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орнына түседі.

AB5C3BD2-AD7D-47A6-B90B-BBCD351D9EB7

Биыл аудан мектептерін 113 оқушы аяқтаса, соның 5-еуі «Алтын белгі» белгісінің иегері атанды. Осы орайда бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов «Алтын белгі» иегерлерін, олардың ата-аналары мен ұстаздарын қабылдады.

Сөз алған аудан басшысы: 

– Биылғы оқу жылының аяқталуымен баршаңызды құттықтаймын. Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміздің арасында бес оқушы «Алтын белгі» иегері атанып отыр екен. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Сонымен қатар аталған оқушылардың ата-аналары мен ұстаздарын да құттықтаймын. Себебі бұндай жетістікке жетуге сіздердің де үлестеріңіз зор. Түлектеріміздің жолдары әрқашан ашық болып, алға қойған арман-мақсаттары орындалсын, - деп оқушыларға «Алтын белгі» белгісін кеуделеріне тағып, естелік сыйлық табыстап, сәттілік тіледі.

8D109AFD-85DB-4C75-998C-EDB546F71686

«Алтын белгі» иегерлерін атап өтсек, Т.Жароков атындағы орта мектебінің түлектері Алина Бақтығалиева мен Расул Мәдиев, №1 мектеп-лицейінің түлегі Эльза Шагирова, Ғабит Сарбаев атындағы мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің түлегі Диляра Бекетова мен Мұстақым Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің түлегі Ерсаят Қайырғали марапатталды.

Сонымен қатар аудан басшысы түлектердің ата-аналарына, атап айтсақ Асылбек Сисенғалиев пен Роза Жұмаева, Бауыржан Молдашев пен Эльмира Дәулетова, Есенболат Шагиров пен Ақтолқын Шагирова, Марат Бекетов пен Гүлбадан Бекетова, Ержан Құмарғалиев пен Балым Құмарғалиеваға өз атынан алғысхат табыстады.

4426CC83-B4D6-4F21-B108-A242E0205829

Өз кезегінде ата-аналар мен оқушылар сөз алып, жылы лебіздерін білдірді. 

Айта кету керек, 2023-2024 оқу жылын 2 518 оқушы аяқтаса, соның 2 360-ы жазғы демалыспен қамтылуда. Аудан бойынша білім сапасы 58 пайызды құрап отыр. 

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале