24.12.2019, 16:02
Оқылды: 59

Жәнібекте де мобильдік топ жұмысы қайта жанданбақ

Жақында Бас прокуратура алаңында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Nur Otan» партиясы бірлесіп, бизнесті қорғау бойынша IV форум өткізгені көпке мәлім.

Atameken

 Онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, осы бағыттағы басымдықтар хақында 2020 жылға арналған бизнесті қорғау жол картасына қол қойылды. Осыған орай заң бұзушылықтарға жедел іс-әрекет ету, оның алдын алу мақсатында барлық деңгейдегі прокуратуралар жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтардың жұмысы қайта жанданбақ. Бұл ретте Мемлекет басшысы жариялаған мораторий кезеңінде, яғни, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне ерекше назар аударылмақ.

Ал біздің Жәнібек ауданы аумағында құрылған мобильдік топтың құрамында жұмыс тобының жетекшісі, аудан прокуроры Руслан Сабыров, топ мүшелері, аудандық прокуратураның прокуроры Руслан Қырықбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Таумұрат Ғұсманов, БҚО кәсіпкерлер палатасы Жәнібек аудандық филиалының директоры Жасұлан Басиров, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рұстам Аманғалиев және аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі Гүлзара Төреғалиева бар. Ендігі жерде  шағын және микро бизнеске қатысты заң бұзушылық деректері орын алса, 21-2-36 сенім телефонына қоңырау шалуға немесе мобильдік топтың мүшелеріне хабарласуға болады.

Г.Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале