10.02.2021, 10:10
Оқылды: 58

Жәнібекте екі мектеп карантинге жабылды

Жәнібек ауданында коронавирус жұқпасының туындауына және таралуына жол бермеу бойынша тиісті шара қабылдау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов төрағалық етті.

IMG_2673

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Қуатованың баяндауынша, ауданда барлығы 69 адам коронавирус жұқтырған. Соның 24-і симптомды болса, 45-і симптомсыз. 1 адамнан пневмония анықталған.

IMG_2670

Сондай-ақ ауданның бас санитариялық дәрігерінің қаулысымен аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы орта және Тегісшіл негізгі мектептері карантиндік режимге байланысты алдыңғысы ақпанның 14-іне, соңғысы 17-сіне дейін жабылды.

 

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале