3.10.2024, 21:13
Оқылды: 90

Жәнібекте интеллектуалдық ойын өтті

Бүгін Жәнібектегі ардагерлер үйінде қариялар күніне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық демалыс орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалымен бірлесіп, аға және жас буын арасында «Тапқырлар алаңы» интеллектуалдық ойынын өткізді.

EF37F0B8-74C7-443F-8D95-AACFFCF6C0BE

​Шарада аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов:

– Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Абзал ағалар, қадірлі асыл аналар сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз, ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Халық арасында өздеріңіздей ақсақалдарымыз бар кезде ел ішінде, алауыздықтың болмайтыны, жастарымыз орынсыз кетпейтіні белгілі. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін. Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын, - деді.

A4AAB9FF-15F7-4054-9668-AFDE55BD43B6

​Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов та ардагерлерді мерекемен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев сөз алып, мерекеге орай өткен спорттық шарада жүлделі орын алған ардагерлерге диплом, медаль және бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Жарыс қорытындысы бойынша дойбыдан жүлделі 1 орынды Есен Әміров, 2 орынды Ғарифолла Атошев, 3 орынды Серік Масанов иемденді. Ал шахматтан 1 орын Серік Масановқа, 2 орын Нариман Елеуовке, 3 орын Ерболат Жұмановқа бұйырды.

6A650011-8F0C-419D-BF3C-F05721D85A32

​Әрмен қарай шара интеллектуалдық ойынмен жалғасын тапты. Ойынға «Парасат» және «Алғырлар тобы» қатысты. «Кім жүйрік?», «Ойлан тап», «Жасырылған сөзді тап» атты үш кезеңнен тұрған сайыста екі топ та сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Нәтижесінде екі команда да тең түсіп, достық жеңді. Қазылар алқасының төрағасы, зейнеткер Бекет Әліпқалиев қатысушыларға диплом мен естелік сыйлықтар табыс етті.

BE676A57-7FB1-4B9B-AEF7-0AB74F3E7141

​Шара барысында Қуаныш Аждуов пен Шынар Каюпова «Анамның жаққан ошағы», Тамара Кафарова «Шіркін-ай», Алма Жанай «Перзент парызы» әнімен көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады. Соңында қарияларымыз қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Бану Самат

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале