22.09.2020, 15:04
Оқылды: 118

Жәнібекте кітапханаға «Аудандық модельді балалар кітапханасы» статусы берілді

Жәнібек ауданы орталығында «Заманауи кітапхана: заман талабына сай жаңаша көзқарас» атты балалар кітапханасының модельді кітапхана болып ашылу салтанаты өттті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев пен кітапсүйер қауым қатысты.

IMG_7729

Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты болып табылдады. Оның басты тиімділігі – компьютерлік технологияларды енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру және қажетті ақпараттарын қашықтан пайдалана алуын қамтамасыз ету болып табылады.

IMG_7732

Жиында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каимоллаұлы сөз сөйлеп, кітапхана ұжымын құттықтады. Сондай-ақ Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукинаға оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған «Аудандық модельді балалар кітапханасы» статусы берілетіндігі туралы сертификат табыстады. Одан кейін жиын аудандық мәдениет қызметкері Данабек Үмбетәлінің орындауындағы «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен және кітапхананың белсенді оқырманы Даниял Досболатовтың Жарасбай Нұрқановтың «Кітапхана» өлеңін мәнерлеп оқуымен жалғасын тапты.

Шара соңында жиынға қатысушылардың назарына Жаңақала, Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорларының құттықтаулары ұсынылды.

 

Гүлім Асқар,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале