31.01.2024, 22:00
Оқылды: 22

Жәнібекте конькимен сырғанаудан ерлер жарысты

Бүгін «Жәнібек» спорт клубында конькимен сырғанаудан ерлер арасында аудандық чемпионат өтті.

423131494_935354121927596_4375627823245008880_n

Спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға шақыру, спортшылардың деңгейін одан әрі арттыру, аудан құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып, оларды республикалық, облыстық жарыстарға қатыстыру сайыстың басты мақсаты болды.

423313654_935354178594257_724358190981685466_n

Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Әрмен қарай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаевқа сөз кезегі берілді. Ол өз кезегінде спортшыларымызға сәттілік тілеп, чемпионаттың ашылуымен құттықтады. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде спортшыларымыз жеке сайысқа түссе, екінші кезеңде конькимен сырғанаудан командалық эстафета болды. Бірінен бірі озған спортшыларымыз қызу тартысқа түсіп, үздіктердің қатарынан ең мықтылар ғана көрінді.

423134242_935354278594247_3415665103964027033_n

Сайып келгенде жүлделі 1-орынды Ержан Уахитов иеленді. 2 және 3-орындарды Жандарбек Жайлыбай мен Ақылжан Мұтаев өзара бөлісті.

423312532_935354411927567_107910064569611364_n (1)

Екінші кезеңде Ұзынкөл, Тау ауылдары, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі мен «Жәнібек» клубының командалары бақ сынасып, нәтижесінде бірінші орынды М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі алса, екінші орын Ұзынкөл ауылының командасына бұйырды. Үшінші орынға «Жәнібек» спорт клубының командасы жайғасты. Чемпионатқа қатысқан барлық спортшыға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Райымбек Шапағат,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале