19.06.2020, 12:00
Оқылды: 97

Жәнібекте көшелерге асфальт төселуде

Жәнібек ауданы орталығындағы көшелердегі жол қауіпсіздігін сақтау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін айырма белгілерін салу жұмыстары жүргізілуде.

1C909AD3-AC76-457A-92A0-17024E01F609

Аталған жұмыстарды аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Жәнібек ауылдық округі әкімдігі ұйымдастыруда. Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаевтың сөзіне сүйенсек, аудан орталығында 33 көше болса, былтыр соның 11-іне асфальт төселген. Биыл тағы бір көше жөнделіп, 6 көшеге жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда.

CD86BFDD-9581-4C66-8A73-851F605785DF

Г.Есенғали,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале