26.03.2021, 16:14
Оқылды: 61

Жәнібекте қыз-келіншектерге арналған шеберлік сағаты өтті

Мемлекет тарапынан берілген көмекті тиімді пайдалануды қыз-келіншектерге үйрету мақсатында Жәнібек ауданының іскер әйелдері шеберлік сағатын ұйымдастырды.

FB_IMG_1616750629036 (1) (1)

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Жәнібек аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Жәнібек ауылының тұрғыны, «Сұлтан Кебаб» дәмханасының иесі Мөлдір Стамова 2018 жылы грант ұтып алып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер.

Қазіргі таңда пицца, суши дайындап, аудан тұрғындарына ұсынуда. Осы кәсіпті жақсы меңгерген Мөлдір ауылдағы кыз-келіншектермен бөлісуді жөн көріп, кәсіп ашудың қыр-сырын үйрететін шеберлік сағатын өткізді.

FB_IMG_1616750638844

Сондай-ақ 2019 жылы «Zhas Project»жобасына қатысып, грант ұтып алған Тау ауылының тұрғыны Мақпал Атошева да тырнақ әрлеу кәсібінен нәсібін табуда. Жуырда Мақпал ауылдағы жасөспірім кыздарға шеберлік сағатын өткізіп, болашақта табыс көзі болатын істің қыр-сырын үйретті.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале