15.02.2021, 19:40
Оқылды: 80

Жәнібекте мал басында өсім бар   

          Биыл қаңтар айына Жәнібек ауданындағы Қамысты ауылдық округінің халқы 20 адамға азайып, 351 отбасында 1160 адам тұрады. Округтегі 322 ауланың 240-ы жеке мал ұстаса, 48 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.

 1574151190568428

- Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының жеке малдарына көршілес Ресейден жеңілдетілген бағамен 90 тонна жем жеткізіліп берілді. Есепті мерзімде 1457 сиырдан 1275 бұзау, 4312 қой-ешкінің 3281 саулығынан 2881 қозы-лақ, 981 жылқының 553 биесінен 262 құлын алынды. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша 15 шаруа қожалығы мал басын асылдандыру мақсатында 10 асыл тұқымды бұқа сатып алып, 1 681 400 теңге, 15 шаруа қожалығы 642 аналық басқа 6 420 000 теңге, 4 шаруа қожалығы «Терра» ЖШС-на 36 бұқашық тапсырып, 2 173 000 теңге, 14 қозы етін өткізіп, барлығы 10 316 400 теңге субсидия алуға қол жеткізді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту бағытында «Фархат» жеке кәсіпкерлігі 4 млн. теңге несие алып, 11 ірі қара сатып алды.

Сонымен қатар өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын 12 отбасы 555 мың теңгенің қайтарымсыз грант иегері атанып, барлығы 22 ірі қара мен 25 ұсақ ірі қара малын сатып алды. Қазіргі таңда олар өз шаруашылықтарын жүргізуде. Сол сияқты «Салиха» шаруа қожалығы лизинг арқылы 10 млн. теңгеге «МТЗ - 82» тракторын саудалады, - дейді ауылдық округ әкімі Нұрлан Аюпов.

Оның айтуынша, 3400 ірі қара, 5526 қой мен ешкі мал арасындағы түрлі ауруларға қарсы алдын алу шаралары бойынша жоспарға сай егілген. 5000 ірі қара мен 6770 ұсақ ірі қарадан бруцеллезге қан алынып, оң нәтиже көрсеткен 43 ірі қара жойылған.

Ауылдық округ бойынша тіркелген 72 шағын бизнес субъектісінің 48-і шаруа қожалығы болса, 24-і шағын кәсіпкерлік.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале