27.09.2023, 22:53
Оқылды: 34

Жәнібекте "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойыны өтті

Бүгін Жәнібек аудандық кітапханасында ақпаратты-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойыны өтті.

FB_IMG_1695825747872

Жас ұрпақтың бойына ел тарихын, шежіресін сіңіру, ой өрісін тереңдетіп, шапшаңдыққа баулу мақсатына құрылған ойынға Т.Жароков атындағы орта мектебінің оқушыларынан құрылған "Тайыр ұландары", №1 мектеп-лицейінің оқушыларынан құрылған "Brainstorm", М. Ықсанов атындағы Жәнібек колледж студенттерінен құрылған "Қыран" тобы қатысты.

FB_IMG_1695825743320

Алғашқы "Ұшқыр ой" кезеңінде қатысушыларға тарихтан, әдебиеттен және еліміздегі жастарға арналған бағдарламадан алынған сұрақтар қойылып, екінші "Тұлғаны тап" кезеңінде жерлес тұлғалардың суреттерін көру арқылы олардың қай салада қызмет еткенін айтты. Үшінші кезеңде логикалық сұрақтарға жауап берді. Тартысқа толы ойынның төртінші кезеңінде БҚО тарихи-өлкетану музейінің Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов пен тарихшы Жасқайрат Каргин сұрақтар қойды. Соңғы кезеңде қатысушылар анықтаманы тыңдап, қара жәшіктегі заттың нақты не екенін табуға тырысты.

FB_IMG_1695825753001

Нәтижесінде М. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің "Қыран" тобы жеңіс тұғырынан көрініп, №1 мектеп-лицейінің "Brainstorm" тобы 2-орынды, Т. Жароков атындағы орта мектебінің "Тайыр ұландары" тобы 3-орынды еншіледі. Жеңімпаздарға орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина алғыс білдіріп, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале