3.03.2021, 17:20
Оқылды: 49

Жәнібекте «Nur Otan» партиясының актив жиыны өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының актив отырысы өтті. Басқосуға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, саяси кеңес және бюро мүшелері, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, жастар, филиал қызметкерлері қатысты.

 па1

Басқосуда алғаш сөз алған облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев облыс бойынша сайлауалды бағдарламаның іске асуы, жол картасының жұмыс барысы туралы айтты.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов аудан бойынша сайлауалды бағдарламаның жұмыстары туралы, Біржан Қуанәлиев депутаттардың қолға алған жобалары хақында баяндады.

Сондай-ақ аудандық сайлауалды бағдарламасы бойынша жол картасында көрсетілген тапсырмалардың  орындалуы туралы аудандық мәслихат депутаты Тахир Қадимов сөз сөйледі.

па2

Жиын соңында Жәнібек ауылының тұрғыны, зейнеткер Самиға Қайырова ауылішілік жолды асфальттау, ауыз су, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев ауданға «Қаһарман аудан» мәртебесін беру туралы өз ойларын ортаға салды.

Зейнеткерлердің сауалдарына орай Мұрат Рахметұлы тұшымды жауабын берді. Актив жиынынан шыққан соң қонақтар Жәнібек ауылында салынып жатқан екі қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

 

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале