4.12.2022, 10:28
Оқылды: 112

Жәнібекте прокуратура күні аталып өтілді

Кеше Жәнібек спорт клубында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен 6 желтоқсан — Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күніне орай күштік құрылымдар мен аудан әкімдігі қызметкерлері арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

IMG-20221204-WA0004

Турнирге «Аудан әкімдігі», «Ұлттық қауіпсіздік комитеті», «Полиция» бөлімі, «Төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру» бөлімі, «Шекарашылар» командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудан прокуроры Сәкен Молдашев өзінің ақ жарма тілегін жеткізді. Шара барысында аудан әкімі Азамат Сафималиұлының атынан аудан прокуроры Сәкен Молдашевқа құттықтау хат табыс етілді.

IMG-20221204-WA0006

Жарыстың қорытындысында «Полиция» бөлімі 1-орын, «Шекарашылар» 2-орын және аудан әкімдігінің командасы 3-орынға ие болды.

IMG-20221204-WA0005

«Құтқарушылар», аудандық прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитетінен құралған командаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс хат берілді. Сонымен қатар Ерлан Ғабдұшев «Үздік ойыншы», Денис Германов «Үздік шабуылшы», Асылхан Оразғалиев «Үздік қорғаушы», Нұрболат Садырбаев «Үздік тосқауылшы» аталымдарын иеленді. Жарыс барысында әділ төрешілік жасағаны үшін Мертен Жәңгірхан марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль, кубок және сый-сияпаттар табысталды.

Кәусар Танабай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале