19.04.2021, 18:34
Оқылды: 65

Жәнібекте шекарадан заңсыз өтпекші болған азамат ұсталды

ҰҚК ШҚ шекара қызметінің №2036 әскери бөлімінің шекарашылары мемлекеттік шекара режимін бұзған белгісіз азаматтың іс-әрекетіне тосқауыл қойды.

472679bc51fa5fed250581b661297d23_big

Шекараны заңсыз бұзып өтпекші болған белгісіз адамды бірінші болып Жәнібек ауылының тұрғыны Серік Ишанов байқайды. Белгісіз азаматтың заңсыз іс-әрекетіне күдіктенген ол жергілікті шекара бөліміне қоңырау шалады. Сөйтіп шекарашылар күдіктіні дер кезінде ұстады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту бойынша іс қозғалып, құзырлы органдармен тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал күдіктіні байқап қалған жәнібектік С.Ишановқа қырағылы үшін Жәнібек аудандық шекара бөлімінің басшылығы атынан Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық берілді.

 

Қ.Ғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале