23.12.2020, 18:21
Оқылды: 73

Жәнібекте үздіктер анықталды

Аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі - 2020» аудандық жастар сыйлығын табыстау шарасы өтті. Салтанатты шараның ашылуымен аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтады.

IMG_1495

- Биыл волонтерлер жылы екені баршаңызға мәлім. Ауданымызда 286 волонтер ерікті түрде әртүрлі шараларда қызмет атқаруда. Аудан жастарымен жұмыс жасайтын өңірдегі жастар ресурстық орталығы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда 11 бағытта жұмыс жасайды. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық, мәдени шаралар көптеп ұйымдастырылып, сол арқылы жастардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіруге және олардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар шаралар да жүзеге асырылды. Ауданның ерікті топтары көптеген жетістікке жетуде. Атап айтқанда, індет ушығып тұрған кезде көптеген игі істерге атсалысқан Райымбек Манарбекұлы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғысын алып, төсбелгісін өңіріне таққан болатын. Ауданның көркеюіне атсалысқан Жасмина қарындасымыз «Жасыл ел» жастар жасағының алғыс хатымен марапатталса, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші-маманы Бексұлтан Сәрсенбайұлы облыс орталығында өткен «Жастар ресурстық орталығы белгісі - 2020» марапатын иемденді. Бақыт Жәнібекұлы «Үздік шабандоз - 2020» атанды. Айта берсек, жастарымыздың жеткен жетістігі жетерлік. Аудан жастарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, ерікті жастардан құралған топтардың белсенді жұмыс жасауларына мүмкіндік беріп, оларға жағдай жасаймыз, - деді аудан басшысы.

IMG_1537

Қызметте белсенділік танытып, алғырлығымен, ізденімпаздығы мен білгірлігімен көш басында жүрген жастар, яғни Гүлсім Ермек, Светлана Сәбитова, Анаргүл Молдашева, Дамир Зинуллин, Ерлан Неғметов, Нұртай Зайнуллин «Жыл үздігі - 2020» аудандық жастар сыйлығының дипломанты аталды. Ал «Жыл үздігі - 2020» аудандық жастар сыйлығының «Жыл жаңалығы» аталымымен «GO next» киностудиясы марапатталды. Сонымен қатар «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» - Еділ Елемесов, «Үздік жас медицина саласының қызметкері» - Ерлан Уахитов, «Үздік жас өнерпаз» - Наргиза Касумова, «Үздік спортшы» - Аманжол Есенов, «Үздік жас ұстаз» - Нәзерке Қадырова, «Үздік әлеуметтік қызметкер» - Аян Болатов, «Үздік жас волонтер» - Елжас Қабдырахимов атанды.

Салтанатты шарада ән айтылып, би биленді.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале