22.01.2024, 21:00
Оқылды: 29

Жәнібекте халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевті еске алды

Жәнібек аудандық саз мектебінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, еліміздің мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына орай «Ән еркесі – Ғарифолла» атты саздық-танымдық кеш өтті.

421050336_927514916044850_3677821979301437633_n

Тағылымы мол танымдық кешке «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы төсбелгінің иегері Анаргүл Кенжеғалиева, «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблінің мүшелері және аудандық кітапхана қызметкерлері мен аудандық саз мектебінің ұстаздары қатысты.

421121247_927514926044849_8531744036665221599_n

Кеш шымылдығын Ақтілек Әлібекұлы елу жылдан астам уақыт халық сахнасының ажары болған атақты әнші Ғарифоллаға арнаған арнауымен ашты. Одан кейін әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнематериал көрсетілді. Ғарифолла Құрманғалиевтен тәлім алған Сағадат Рахметжановтың шәкірті, жақсыбайлық Есім Тұяқбай да ортадан табылып, «Сүйген жар» мен «Дауылпаз» әндерін шебер орындады.

420777766_927514849378190_8154732532253664386_n (1)

Еркеназ Жұмабекқызының ұстазымен бірге орындаған «Ерке сылқым» күйі де көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Аудандық саз мектебінің директоры Жақсылық Каздукұлы Ғарифолла Құрманғалиевтің көзін көрмегенмен, шәкірттерімен етене таныс екендігін айтып, естіген естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар күміс көмей әншінің Мұхит мектебiнiң жалғастырушысы, оның мұрасын қаз-қалпында алып қалып, бiздiң заманымызға жеткiзген өнер иесі екендігін де айтып өтті. Содан соң Амангелді Мырзағалиұлы шарамыздың кейіпкері туралы естеліктерімен бөлісіп, өткен күнге көз жүгіртті. Ал Анаргүл Ғабитқызы аудандағы жастарды дәстүрлі өнерге баулу жөнінде ұсыныс тастады.

421185690_927514862711522_9172634563264086263_n

Аудандық саз мектебінің оқытушысы Ербол Ақылбеков Ақан серінің «Балқадиша» әнін фортепианода ойнап, тыңдармандарды тәнті етті. Шараға кішкентай бүлдіршіндер де үн қосты.

420632294_927514886044853_304386895742435378_n

Олар «Бір бала» және «Домбыра» әндерін хормен шырқап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Саздық-танымдық кеш соңында кітапханашы Айнагүл Рахметоллақызы «Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев» атты кітап көрмесін таныстырды.

Айсұлу Жұмабай, 

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале