7.09.2022, 16:45
Оқылды: 90

Жәнібекте жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Бүгін Жәнібек ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтуде.

9a66d791-3355-47bd-96da-450482ae3269

Аталмыш шараға аудандағы барлық мекеме қызметкерлері, жастар және  барша ниет білдірушілер қатысуда. Диктант жазу барысында қатысушылар ұлт ұстазының өмірбаянымен, ұрпаққа мұра қылып қалдырған еңбектерімен танысып шықты.

Диктантты ұйымдастырудың басты мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолын дәріптеу, азаматтарымыздың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін және жалпы сауаттылықты арттыру болып саналады.

Б.Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале