8.09.2023, 10:41
Оқылды: 67

Жәнібекте жастар арасында «Quiz time» интеллектуалды сайысы өтті

Бүгін жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанданды. Аталған орталыққа жастар жиналып, жаңа орта құру бағытында жақынырақ танысты. Жалпы ауданда жастардың қатары көп. Тек олардың басын қосып, бір ортада табыстыру ісі тұралап қалған.  

жәнібек

Орталықтың директоры Мөлдір Әбдірешева жүздесудің мақсатын түсіндіріп, аудандағы жастар ортасын құру туралы ұсынысымен бөлісті. Әрмен қарай, орталықтың мамандары Қабілет Асанов пен Руслан Хайрушев танысу үшін қызықты ойындар ойнатып, арадағы көзге көрінбейтін шектеуді алып тастады. Ғимарат ескі болғанымен, жастардың қадамы нық. Олар түрлі жобаларды талқылады. Санға емес сапаға ұмтылуды көздеді.  Жүздесу "Quiz time" интеллектуалды сайысымен жалғасын тапты. Бес кезеңге ұласқан байқау өте тартысты өтті. Алғашқы "Кім білгір" кезеңінде әр қилы сала бойынша тест сұрақтары болса, қалған кезеңдерде "Тұлғаны тап", "Қандай ән?", "Логикалық сұрақтар", "Бұл қай кино?" айдары бойынша сынға түсті. Сайып келгенде, айқын басымдықпен "ЖасАрт" тобы жеңімпаз атанды. Жүлделі 3-орынды "Фортуна", 2-орынды "Ағаш және оның бұтақтары" тобы еншілесе, алғыс хат "Жалынды жастар" тобына бұйырды.

Соңында қатысушылар еркін әңгімелесіп, қарым-қатынасты нығайтты. Оларға естелік сыйлықтар мен арнайы дипомдар табыстаған Мөлдір Сайфоллақызы жастарды бірлікке шақырып, алған бағыттан таймау керектігін жеткізді.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале