27.08.2020, 16:37
Оқылды: 91

Жәнібекте жем арзан бағаға сатылды

Жәнібек ауданының «БатысАлға» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Эльдар Темірханов Ресей Федерациясынан – 50 тонна, Орал қаласынан 100 тонна жем әкеліп, аудан тұрғындарына арзан бағамен ұсынды.

Jem (1)

– Комбайн далалық алқаптағы дәнді-дақылдарды орып жүрген сәтте барып алсаң, жем арзанға түседі. Сол себепті 100 тонна жемді  алқаптан орып алынған бойда тиеп алдық. Біздің аудан облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, тұрғындар оны қаладан әкеле алмайды. Жол шығынын қосқанда мал азығы қымбатқа түсетінін ескерсек, аудан тұрғындары үшін жемді ауылдан алған әлдеқайда тиімді. Сондықтан аудан тұрғындарына қолайлы бағаға саттық, – дейді кәсіпкер.

Jem (2)

Оның айтуынша, мал азығына ауылдық округтердегі тұрғындар да қол жеткізіпті. Мәселен, Қамысты ауылында – 10, Тау ауылында 5 тонна жем тез арада сатылып кетіпті.

 

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале