1.10.2023, 21:49
Оқылды: 27

Жәнібекте жүргіру марафоны мен кермеге тартылудан сайыс өтті

Орталық алаңда жүгіру марафоны мен кермеге тартылудан сайыс өтті. Таң атысымен алаңға жиналған жастар алдымен тізімге қосылып, дене қыздыру жаттығуларын жасады. Рухты әндермен тербелген орталық оларға күш беріп, жеңіске ұмтылдырды. Бас-аяғы 43-ке жуық қатысушы тіркелді.

FB_IMG_1696164950819

Ашылу салтанатына аудан ақсақалдары мен бөлім басшылары қатысты. Сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов қатысушыларға сәттілік тіледі.

FB_IMG_1696164957241

- Спортқа көңіл бөлсек, ештеңеден құр қалмаймыз. Деннің саулығы — жанның саулығы. Осындай іс-шаралар мен сайыстар жалғасын таба берсін,- деп тілегін арнады.

Жүгіру марафонында ерлер 10 шақырымға, әйелдер 5 шақырымға дейін жүгірді. Ерлер сынға түскен сайыста Казталов ауданының намысын қорғаған Даниял Ғилым оқ бойы озық келді. Нәтижесінде жүлделі 1-орынды қанжығасына байлады. Ал 2-орынды Ермек Бекжанов, 3-орынды Орынбек Рүстемов місе тұтты.

Әйелдер арасында жүлделі 3-орынды Ләззат Елемесова, 2-орынды Нәзира Әмірханова еншілесе, жүлделі 1-орыннан София Сағыналиева көрінді.

Кермеге тартылуда жүлделі 3-орынды Жайдарбек Рахметов иеленді. Білек күші сынға түскен сайыстың 2-орыны Бейбіт Ароновқа бұйырды. Ал 34 рет кермеге тартылған Еділ Елемесов 1-орынға лайық болды.

FB_IMG_1696164965772

Бәсекелестіктің көрінісі айқын көрінген додада аудандық «Жәнібек» спорт клубының директоры Сырым Байсов төрешілік етті.

FB_IMG_1696164978106

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құрметті азамат Мұрат Мұхамбетқалиев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов, Тахир Зинурұлы арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале