7.09.2023, 20:47
Оқылды: 81

Жәнібектегі 16 елді мекенге таза ауыз су берілмек

Биыл Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Құрсай, Көлтабан елді мекендерінде кешенді блок модульдер орнатылса, үнемделген қаражат есебінен Жұмаев және Өнеге елді мекендерінде дәл сондай кешенді блок модульдерді орнату жоспарланған болатын. Осыған орай мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде Ақтөбе қаласынан «Елдос Абдуахитов» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз болып танылып, қазіргі кезде жерді бұрғылау арқылы су көзін анықтау жұмыстарын жүргізуде. 

IMG-20230907-WA0043

Келер аптада Өнеге және Жұмаев ауылдарына кешенді блок модульдерді әкеліп, орнатып, ауыл тұрғындарына тазартылған ауыз су беру жүзеге асатын болады.

IMG-20230907-WA0045

Аталған жұмыстар сәтті аяқталған жағдайда жалпы аудан бойынша 18 елді мекеннің он алтысына «Сумен қамту» бағдарлама бойынша таза су жеткізілген болып саналады.

IMG-20230907-WA0047

Аудан әкімі Тимур Шиниязов пен оның орынбасары Жақсылық Абдолов бүгін Жұмаев елді мекенінде болып, қазылып жатқан скважина мен жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап, мамандармен су қондырғысын орнату, суды тазарту жұмыстарының қалай жүргізілетіндігі жөнінде мән-жайды пысықтады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале