1.02.2018, 16:48
Оқылды: 27

Жәнібектегі 9 көшені орташа жөндеуден өткізу жұмысы тоқтап тұр

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев осылай дейді. Айта кетейік, бүгін аудан әкімі халық алдында есеп берді.

- Жәнібек ауылындағы 9 асфальтталған көшені орташа жөндеуден өткізу 2017 жылы белгіленген болатын. Бұл жұмыстар мердігер компаниялардан ұсыныс түспеу себебінен тоқтап тұр. Бұл жұмыс 2018 жылы атқарылады деп күтілуде.

Сонымен қатар Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшеге (157 үй) жол салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Ауылдың Ықсанов көшесі бойымен Жәнібек колледжіне дейін және Ғ.Қараш көшесі мен Жеңіс көшесі қиылысына дейін жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды.

Жаңадан салынған үш пәтерлі сегіз үйдің алдына және екі пәтерлі 20 үйдің алдына жаяу жүргіншілерге арналған жол салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Жалпы ұзындығы 3,3  км болатын Абай және Хамит Чурин көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары сараптамадан өтуде, - деп хабарлады Азамат Сафималиұлы.

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале