24.06.2020, 21:20
Оқылды: 242

 Жәнібектегі ҰБТ өткізу пунктінен сегіз түлек шеттетілді

    Т.Жароков атындағы орта мектепте орналасқан №811 Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінің базасында Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы орта мектептердің 11-сынып оқушылары (барлығы 219 түлек) ҰБТ тапсырды. Алғашқы лекте – 105, екінші лекте 114 талапкер бақтарын сынады.

8B95579B-2873-4607-A368-3CCB0D773970

Ұлттық бірыңғай тестілеудің барысын бақылау мақсатында ауданымызға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері келіп, апелляциялық, сондай-ақ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінде жергілікті жерде мемлекеттік комиссия құрылып, оның құрамына аудандық білім беру, полиция бөлімдерінің, аудан әкімдігінің және БАҚ өкілдері енді. Шараның ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Бағида Сарбалина құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.

FA6AAEBB-E1EC-49C4-A05A-360111927D8A

Елдегі қалыптасқан карантиндік жағдайға байланысты түлектерге және комиссия мүшелері мен басқа да қызметкерлерге қатысты барлық медициналық-санитарлық талаптар қатаң сақталып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Барлық аудиториялар бұрынғы тестілеу кезіндегідей, ұялы байланыс сигналдарын өшіру құралдарымен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді. Өкінішке қарай, аудиторияға креберісте, металл іздегішпен тексеру кезінде екі лекте барлығы сегіз түлек тыйым салынған құралдарды (ұялы телефон, «шпаргалка») алып өтпек болған кезде ұсталып, оларға қатысты акт толтырылып, бәрі де ҰБТ-дан шеттетілді.

CDD221A1-FC07-4C56-85F4-E63E177AE264

«ҰБТ барысында онлайн трансляция жүргізіліп, ата-аналар оны үйде отырып бақылауға мүмкіндік алды. Тестілеудің қорытындысында түлектердің жинаған ең жоғары балы – 112-ні, ең төменгісі – 12 балды құрады», - дейді №811 ҰБТ-ны өткізу пунктінің меңгерушісі Айсұлу Қадирова.

Асқар Құсайынов,

комиссия мүшесі

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале