15.04.2021, 14:33
Оқылды: 52

Жәнібектегі жиын партияның есеп-беру сайлау конференциясын шақыруға арналды

Бүгін Жәнібек аудандық «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынды Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев ашып жүргізді. Басқосуға партия филиалының мүшелері қатысты.

E61165FF-C123-46A7-AE23-1E09A7439F80

Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезекті ХХХІV есеп-беру сайлау конференциясын шақыру, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту, «БПҰ есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестелерін және аумақтық филиалының есептік-сайлау конференциясын өткізу кестелерін бекіту турасындағы бірқатар мәселелер қаралды.

CCD93492-651A-43D0-99FF-4FE8ABCA5BE4

Аталған мәселелер бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев хабарлама жасады. Кеңес мүшелері қаулы бойынша жобаларды қолдап, бірауыздан бекітті.

Б. Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале