3.06.2020, 20:00
Оқылды: 114

Жәнібектік 21 түлек "Алтын белгі" алды

 Биыл Жәнібек ауданындағы жалпы білім беретін орта мектептерді 114 оқушы бітірді. Бүгін 2019-2020 оқу жылын аяқтаған аудан орталығындағы, ауылдардағы мектеп түлектеріне аттестат табыс етілді.

BF9B7456-160B-44FF-B065-86FCB58D5584

-Үстіміздегі жылы мектеп бітіруші оқушыларға аттестат курьерлік қызметпен табысталды,- дейді аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Аққу Нұрғалиева. - Курьер қызметімен мектеп директоры, оның орынбасарлары және сынып жетекшілері әрбір мектеп бітірушінің үйіне барып, мектепті бітіргендігі жөніндегі кәмелеттік аттестатты тапсырды. Бұл шаралар барлық санитарлық нормаларға сай сақталып, ара қашықтық ескерілді.

Аққу Аманкелдіқызының бізге берген мәліметіне сәйкес биылғы 114 түлектің 21-і "Алтын белгімен", 4-уі ерекше аттестатпен бітірген. Дәлірек айтқанда, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептен - 7 және №1 мектеп-лицейден - 7, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептен - 3, сондай-ақ Т.Жароков, Х.Халиуллин, Ғ.Қараш, Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектептердің әрқайсысынан бір-бірден түлек "Алтын белгі" алса, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептен Мергүл Қаватова, Ботагөз Досқалиева, №1 мектеп-лицейден Мөлдір Кенжеғалиева, Т.Жароков атындағы орта мектептен Айина Сәлімгереева сынды түлектер ерекше аттестатқа ие болды.

8AD0602C-6C7D-46C0-9B29-AFD1FE0EAB66

-"Алтын белгі" мен ерекше аттестат алған түлектердің ата-аналарына аудан әкімінің атынан алғысхат табыс етіліп, кітап сыйланды және түлектерге ақжол тілеген ашықхат берілді,- деді аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Нұрғалиева өз сөзінде. 

        Н.Өтей,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале