11.06.2021, 16:04
Оқылды: 87

Жәнібектік 21 түлек мектепті «Алтын белгіге» тәмамдады

Жәнібек ауданында «Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің «Алтын белгі» иегерлерімен тікелей эфирде жүздесті.

WhatsApp Image 2021-06-11 at 12.47.06 (1)

Биыл Жәнібек ауданы бойынша 188 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 21 түлек «Алтын белгі» иегері , 4 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Аудан бойынша 182 түлек ҰБТ орталығына онлайн тіркеліп, өз бақтарын сынамақ.

Басқосуда аудан әкімі жас түлектерді орта мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, болашақтарына игі жақсылықтар тіледі.

Озат оқушылардың «Алтын белгі» төсбелгілері, олардың ата-анасына арналған аудан әкімі атынан алғыс хаттар мектептегі салтанатты жиында табысталатын болады.

 

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале