16.02.2021, 11:20
Оқылды: 56

Жәнібектік оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды

Жәнібек ауданындағы Т.Жароков атындағы орта мектептің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі өтті. Ол оқушылардың алған білімдерін бағалау және қолдану, оқу үдерісінде алған білімдерін тереңдету және бекіту, өзіндік ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

min-5a28e059cf4cb

Алдымен математика және физика пәндері бойынша өтсе, кейін карантинге байланысты онлайн ZOOM платформасында жүргізілді.

Олимпиаданың екінші кезеңіне аудандағы жалпы білім беретін орта мектептердің 9-10-11 сынып оқушылары қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынға ие болған 10-11 сынып оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

 

  Қ.Ғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале