7.02.2024, 21:05
Оқылды: 27

Жәнібектік оқушылар халықаралық байқаудан да жүлделі болды 

Жас ұрпақтың білімді һәм саналы болғаны келешектің кемелдігін көрсетеді. Бүгін партада зейінін ілімге қойып, сауатын ашып отырған әр оқушы ертең-ақ ел тізгінін ұстайтын уақытқа жетеді. Сол себепті ұрпақ бос болмауы тиіс. Жәнібек ауданында бос уақытында қашықтықтан өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген мектеп оқушыларының саны артуда.

425751789_939652854831056_3187040970768334016_n

Туған жердің атын әлемге танытып, республикада намысты абыроймен қорғап жүрген оларға қолдау көрсету – ел азаматтарына парыз. Осы орайда аудан әкімі Тимур Шиниязов білім саласына ерекше көңіл бөліп, бірқатар жұмыстарды қолға алды.

425818685_939652668164408_1375280957650897964_n

Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина мен орынбасары Жаннат Мұстафина №1 мектеп-лицейіне барып, лездемеге жиналған «По следам Золотого ключика или Я тоже путешествовал с Буратино» атты онлайн байқауға қатысқан елуге жуық оқушыны әртүрлі аталымдармен марапаттады. Оларды аталған байқауға дайындаған мұғалімдері де ескерусіз қалмай, алғысхат иеленді.

425750124_939652558164419_7480421500601709658_n

- Бұл байқауға ауданымыздың оқушылары белсене қатысты. Байқауда оқушыларды қызықтыратын аталымдар болды. Бір ғана №1мектеп-лицейінен елуге жуық оқушының қатысуы үлкен нәтиже болды,- деді Светлана Сергоқызы.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

Zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале