21.02.2024, 22:00
Оқылды: 5

Жәнібектік үш спортшы республикаға жолдама алды

Жуырда Ақжайық ауданы Чапай ауылында ұлттық жекпе-жектен өткен облыстық чемпионатқа Жәнібек ауданынан 7 бала қатысты. Оның үшеуі бірінші орын алса, біреуі екінші орын, екеуі үшінші орындардан көрінді.

4

Дәлірек айтсақ, 67 келіде Нұрхан Берікқали, 45 келі салмақта Ералы Жеңісұлы, 51 келіде Жанарыс Азаматов І орын алып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. 42 келі салмақта Айтмұхамбет Абат ІІ орын алса, 59 келіде Алижан Замир мен 34 келіде Алмерек Абат ІІІ орыннан көрінді. Жас спортшыларды қамыстылық Радик Досанов жаттықтырып келеді.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале