14.11.2023, 17:45
Оқылды: 30

Жәнібектіктер жүлдемен оралды

Жәнібек ауданы спортшылары әр түрлі спорт түрінен көптеген жетістікке жетіп, мерейді өсіріп отыр.

401667663_880291620767180_5158669006518625464_n

Соның бірі - жақында Тасқала ауданында өткен 2007-2008 және 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қол күресінен өткен ашық біріншілік.

Аталған додаға он команда, жүзден астам жас спортшы қатысты. Ауданымыздың намысын қорғаған жастар біріншіліктен алтыннан қолаға дейінгі жүлдені ала келді.

Атап айтсақ, ұлдар арасында 45 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Бейбарыс Серік пен 65 келі бойынша Бейбарыс Нұрәлиев жүлделі 1-орынды қанжығасына байласа, 50 келіде Оралбек Рүстем мен Мақсат Көшкенғали үздік үштіктің қатарынан көрінді. 60 келдіне жоғары салмақта есе жібермеген Медина Әжиева күміс жүлдені еншіледі.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале