20.08.2021, 12:12
Оқылды: 46

Жәнібектіктердің спортта табысы мол

Жәнібек ауданы орталығындағы мәдениет және демалыс саябағында салтанатты шара өтті. Шара барысында аудан әкімі Азамат Сафималиев спортсүйер қауымға жүрек жарды тілегін білдірді.

002

Сонымен қатар Айдос Есмұханұлына облыс әкімінің алғыс хатын, Далида Мұратқызы, Ғиният Қарасайұлы, Әлібек Біржанұлы, Бейбіт Абдоллаұлы, Аманжол Қазбекұлына спорт басқармасының алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты шараның құрметті қонақтары, спорт ардагерлері Серік Масанов пен Құбайдолла Дегетаевқа алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіп, аудан спортының дамуына қосқан зор үлестері үшін алғысын айтты.

Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ардагерлер арасында волейболдан ашық қалааралық турнирден жүлделі бірінші орын алған ардагер спортшыларды жеңістерімен құттықтаған аудан басшысы турнирдің бас жүлдесі мен кубогын өз қолымен табыс етті.

001

Жуырда облыс орталығында «Ақ бидай» VII облыстық ауыл спорты ойындары оздырылған болатын. Додаға облыстың 12 ауданы қатысып, нәтижесінде біздің аудан ІV орынға ие болды. Он бес күнге созылған жарыста жерлестеріміз спорттың он екі түрінен сайысқа түсіп, жүлделі орындаға ие болды. Атап өтер болсақ, Аламан бәйгеден Махамбет Пайдиннің аты, үстел теннисінен аға жаттықтырушы Айдос Нұрбаев бастаған команда, қол күресінен сынға түскен білекті жігіттеріміз бас жүлдені иеленді. Жеке есеп бойынша гір тасын көтеру және кикбоксингтан Серік Самодиянов, көпсайыстан Мерлан Нұрмақов, кикбоксингтан Ғасырбек Досбулатов және бірқатар спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Айтулы бәсекеде белсенділік танытқан жерлестерімізге аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Шара соңында сөз алған спорт ардагері Серік Масанов спортшыларды жеңістерімен құттықтап, аудан абройын асқақтатар азаматтар қатары арта беруін тіледі.

Аудандық мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндер шырқап, келушілердің көңілін көтеріп, рухын асқақтатты.

 

Б.Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале