28.04.2021, 12:47
Оқылды: 29

Жарайсың, Ақеділ

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында техникалық мамандықтар бойынша өткен «Үздік бейнесабақ» облыстық байқауында Сырым колледжі оқу өндіріс шебері Ақеділ Нұрмашев жүлдегер атанды. 8D23865F-CE19-4D4B-8A5C-71D49416E4FD

Байқау өндірістік шеберлер мен арнайы пән оқытушыларының педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану құзіреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған. Колледждің «Электр монтері» мамандығының оқу өндіріс шебері Ақеділ Нұрмашев жарысқа «Электр жарығын басқарушы құрылғы» бейнесабағын ұсынған. Сырымдық педагогтың жұмысы жоғары бағаланып, қазылар алқасы оған жүлдегі ІІ орын берді.

6A557576-849D-4A7E-AB50-6316935A0957

Қазіргі уақытта ауыл балалары аудандағы кәсіптік колледждерге баруға құлықсыз, көбі қаладағы кәсіптік лицей-колледждерді таңдайды деп жатамыз. Ақеділдің жетістігі Сырым колледжінің кабинеттерінің техникалық базасы жақсы екенін, колледждегі білім беру ісі мен педагогтың деңгейі облыста озық екенін дәлелдегендей. Жастарды қызықтыру бағытында бейнесабақты студенттерге емес, әлеуметтік желі арқылы қалың халыққа ұсынса да артық етпейді.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале