28.12.2021, 10:20
Оқылды: 76

Жарайсың, Бауке!

Ақтөбе қаласында қазақ батыры Қаракесек Ақтан Ақайұлының атындағы ардагер спортшылар арасында греплингтен, еркін және спорттық күрестен республикалық ашық турнир өтті. Турнирде сырымдық белгілі балуан Бауыржан Бегайдаров еркін күрестен Б дивизионындағы салмағы 100 келіден ауыр спортшылар арасында жеңімпаз атанып, өңір мерейін асырды.

FB_IMG_1640667333922

Бұл Баукеңнің спорт ардагері санатындағы жетістігі ғана. Әйтпесе ол бұла күші тасып, жалындаған жас уағында талайды тамсантқан, талайды мойындатқан.

Бауыржан Бегайдаров бүгінде Батыс Қазақстандағы грек-рим және еркін күрес федерациясының Президенті қызметінде.

«Сырым елі»

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале